Отделение пульмонологии

Автор:admin | Дата добавления:2019-01-29 | Просмотов:219

Пульмонология - бізідің елімізде күрделі медицина салаларының бірі, денсаулық қорғау тарихының айрықша беті. Медицинаның бұл саласында облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер пульмонологтары да ойып тұрып орын алады. Көш алдында Қазақ ССР-на еңбек сіңірген дәрігер, денсаулық сақтау саласының үздігі, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Жұмағали Ажмұхамбетов тұр. Ол облыстың бас терапевт ретінде елуінші жылдардың екінші жартысында терапевтік, пульмонологиялық және ревматологиялық қызметтерді ұйымдастырған болатын. 1960-1985 жылдары ол ауруханадағы пульмонология бөлімшесін басқарды. Бұл кезде мұнда отыз орын ғана бар еді.

Жұмағали Ажмұхамбетұлы дарынды дәрігер ретінде жас мамандардың дайындығына аса көңіл аударып , көптеген дәрігерлердің кәсіби мәртебесін көтерді, жауапкершілікке баулыды.

Кейінгі жылдары пульмонология бөлімшесін Б. Айтбаев, Г.Өмірзақова басқарды, ал ауруларға жатын жай 45-ке көбейді. Олардан кейін А.Аманбаева, Ф.Беспаева басшылық етсе, қазіргі таңда бұл бөлімшеге М.Эргашева жетекшілік етеді. Осында көп жылдардан бері медбикелер А.Адилбекова, З.Истлеува, Ф.Сарсенова, Д.Рашидова, А.Тұрсыналиева, А.Молдахметова еңбек еткен.

Өткен жылдар ағымында пульмонология бөлімшесі бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Көптеген заманауи тәсілдер енгізілді. Сонымен қатар дем ауруларын емдеуде түрлі құрал -жабдықтардың да көмегі көп тиюде.

Бөлімше қызметкерлері басқада денсаулық сақтау мамандарымен бірлесе отырып саптық бактериалды терапияға бет бұрды. Ол еуростандартқа сай келеді.

Пульмонология бөлімшесі дәрігерлері тыныс жүйесі ауруларын зерттеу және емдеу саласында едәуір жетістіктерге қол жеткізуде. Ол, әрине, үздік ғылыми-техникалық жаңалықтардың іс-жүзінде белсене қолданудың нәтижесі. Компьютерлік зерттеулер өкпенің сирек танымал ауруларын болжап білуге мүмкіндік береді. Халықаралық басшылықтың ұсыныстарына сәйкес шипаға инновациялық әдістердің қолданысы (аэрозольдық бронходиляторлар, құрама препараттар, небулайзерлік терапия, фракциялық плазмофорез, экстракорпоральды детоксикация, жеке ультрасүзу) науқастардың өмір сапасын көтеріп қана қоймай, ауру шиеленісін азайтуда.

Бөлімше дәрігерлері ОҚМФА госпиталдық терапия, фтизипульманология және клиникалық фармакология кафедрасының қызметшілерімен бірге отырып зерттеулер жүргізілуде, ал олардың нәтижесі республикалық және шет ел ғылыми баспасөз бетінде жарық көруде.

Новости

  • Мастер класс от профессора Алмантаса Маляцкаса.

    ...

    Читать далее>
  • 13-14 декабря 2018г. в отделении ортопедии Областной клинической больницы Туркестанской области проводится мастер-класс посвященный проблеме реэндопротезирования при осложнениях после эндопротезирований коленного и локтевого суставов.

    ...

    Читать далее>
  • Біз қазір мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында

    белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кеттік.

    Медициналық сақтандыру қоры осы Жолдаудағы ең маңызды деген үш

    міндетке басымдық беріп отыр. Оның біріншісі:

    ...

    Читать далее>